22 сәуірде Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық кітапханада балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Сөз құдіреті» ІІІ облыстық мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілді. Қызықты және мұңды, драмалық және күлкілі шығармалар көрермендерге түрлі эмоцияларды сыйлады. Облысымыздың 19 қатысушылардың арасында Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасынан үзінді оқыған Қарабалық аудандық балалар кітапханасының оқырманы, № 3 орта мектебінің оқушысы Битенова Мөлдір лайықты жеңіске – 1 орынға ие болды. Бақытты және қолы сыйлықтарға толы – мақтау қағазы, планшет, кітап және «Баян сұлу» фабрикасынан тәттілерге толы пакетпен үйге келді! Құттықтаймыз сені, Мөлдір!
P.S. «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауына біз екінші жыл қатысып отырымыз және екі мәрте де Жеңіспен оралдық! 2015 жылы бұл байқауға Андриевская Виктория (Тоғызақ) қатысып 2 орын алған!
|