Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы 5 сынып оқушылары үшін жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай "Сөз зергері" атты әңгіме өткізді. Оқушылар Ғабит Мүсіреповтің Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы екенін білді. Жазушының кітаптары қалың оқырманға жақсы таныс, қазақ әдебиетінің алтын қорына еніп, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. |