Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері "Сақ бол ЖИТС" акциясын өткізді. Акция адамдардың назарларын аударуға, маңызды және қажетті ақпаратты белсенді түрде хабар беруге және жеткізуге бағытталған. Осы акция барысында кітапханашылар кітапхана пайдаланушыларына ақпараттық буклеттер табыс етті, ЖИТС проблемалары туралы айтып берді, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары туралы, сондай-ақ өздерін және жақындарын аурудан қалай қорғау керектігі туралы хабардар етті. |