Главная » 2025 » Май » 29 » «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні»
17:40
«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні»

Жыл сайын 31 мамыр Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіледі, бұл 20 ғасырдың 20-50 жылдарындағы тарихи жылнаманың ең қиын беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін мен жан түршігерлік ашаршылыққа арналған ұмытылмас дата.

Осы есте қаларлық күнге орай Қарабалық аудандық орталық кітапханасы «Саяси құғын-сұрғын құрбандарын еске алу күні» атты мемориалдық көрме ұйымдастырды, онда 30-40-шы жылдар мен 50-жылдардың басындағы қуғын-сүргіннен сыр шертетін, осы зұлматты басынан өткерген адамдардың тағдыры туралы ой салатын көркем шығармалар қойылған. Көрмеде ХХ ғасырдың 30-жылдарында репрессияға ұшырап, атылған қазақ зиялыларының еңбектері ерекше орын алады.

Ұсынылған кітаптардың қатарында Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесі, сондай-ақ қуғын-сүргін және лагерь өмірі туралы жазған авторлардың кітаптары: Александр Солженицынның «Архипелаг ГУЛАГ», Евгения Гинзбургтің «Крутой маршрут»  және т.б.

Барлық кітаптар кітапхана қорында бар және өз оқырмандарын күтуде.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 44 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3007]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0