
Наука ауылдық кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ақпараттық папка өтті. Сондай-ақ, қуғын-сүргін жылдарында зардап шеккен азаматтардың тағдырына арналған "И помнит спасённый" клубының мүшелерімен әңгіме өрбіді.
Кітапханашы Роза Жаксылыковна сол қасіреттен өмірлері үзілген Белоглинка ауылдық округінің тұрғындары туралы айтып берді. Белоглинка ауылынан Ерна Робертовна Коробованың және Наука ауылынан Ирма Иосифовна Федорованың аттары аталды.
Сондай-ақ кітапханашы қатысушыларға 2004 жылы Қарабалық ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылғанын еске салды. Мемориал қорғаннан, стеладан және еске алу аллеясынан тұрады. Қорғанның ұзындығы 25 метр. Бұл ескерткіш қайғылы оқиғаларды еске түсіру және құрбан болғандардың рухына құрмет көрсетуді білдіреді.
Мұндай іс-шаралар жастардың тарихты ұмытпаулары мен азаматтық жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу үшін маңызды. |