Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтіледі. Еске алу күні ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы тарихи шежіренің ең ауыр беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін мен қорқынышты ашаршылыққа арналған.
Осы күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері кітап көрмесін ұйымдастырып, онда біздің тарихымыздың қайғылы беттері – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық туралы баяндайтын басылымдар ұсынылды.
Көрмедегі басты орынды деректі материалдар негізінде жарық көрген кітаптар алады. Олардың ішінде саяси қуғын – сүргін құрбандарына арналған ескерткіш – «Азалы кітап – Книга скорби» кітабы. Онда 1930-1950 жылдары Қостанай облысының аумағында саяси айыптаулар бойынша атылған адамдардың тізімі бар. Ғ. Н. Мәулетовтың «Үрей мен үміт – Страх и надежда» кітабы «халық жауы» болып атылған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерін еске алуға арналған. Сондай-ақ, Қостанай және Қостанай облысының тарихындағы қайғылы жылдарды кітапханаға барып оқып, сонымен қатар, өлкетану сипаттағы бірқатар басқа кітаптармен де танысуға болады. |