4 шілдеде Қарабалық аудандық балалар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және астанамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына орай жазғы сауықтыру алаңдарының тәрбиеленушілерімен «Сәлем астана» кітапхана-кроссын өткізді. Бастапқыда кітапханашылар балаларды елорданың тарихымен, көрнекті орындарымен таныстырып, заманауи Астананың бейнеролигін көрсетті. Бұл іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды, кітапхананың кіру тобы тақырыптық түрде ұйымдастырылды. Содан кейін 2 командаға бөлінді, қатысушылар әр түрлі тапсырмаларды орындады «Жастар» бульвары бойынша дайындалған станциялар арқылы жүгірді. Тапсырмаларды дұрыс және жылдам орындау керек болды. Кітапхана кроссының барлық қатысушылары үлкен сергектік қуатын және энергия, сондай-ақ көптеген жағымды эмоциялар мен жаңа білімдерді молынан алды. Жеңілгендер болған жоқ! Достық жеңді! Іс-шараның соңында балаларды тәтті тосын сый күтіп тұрды. Мұндай іс шаралар балаларды біріктіреді, таланттарын ашуға, тәртіпке, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. |