Керемет әйел Сара Алпысқызы Назарбаеваның қызметі Қазақстан балаларына арналған. Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы 3 сынып оқушыларына арнап Қазақстанның бірінші ханымы – Сара Алпысқызы туралы әңгіме өткізді. Оның өмірбаянымен таныстырды. Сара Алпысқызы "Бөбек" балалар, қайырымдылық қорының құрылтайшысы болып табылатынын, оның жетекшілігімен "Өзін-өзі тану" бағдарламасы әзірленгенін айтты. Жақсы адамды тәрбиелеп өсіру оңай емес және оны бала кезінен бастау керек. |