23 тамызда Қарабалық аудандық орталық кітапханасында «Семей полигоны ғасыр трагедиясы» атты тарихи сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты Семей ядролық полигоны туралы, оның салдары, экологиялық проблема туралы және қоршаған әлемге ұқыпты қарау туралы айту.
Кітапханашы іс-шараны Семей полигонының пайда болу тарихы, мыңдаған адамның өмірін қиған, бұрмаланған тағдырлар, кейінгі мутациялар және басқа да көптеген салдарлар туралы баяндаудан бастады. ХХ ғасырдың 40-80-ші жылдарында болған оқиға ХХІ ғасырда жаңғырық болды. Және осы күнге дейін бізге әсер ететіндігі жайлы баяндады. Сондай-ақ «Семей ядролық полигоны. 30 жыл жабылғаннан кейін» фильмнен үзінді көрсетілді. |