Қазақстанда Отбасы күні қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекенің басты идеясы-біздің дәстүрлі құндылықтарымызды еске түсіру, бір-бірімізге қамқорлық жасау және отбасында жылулық пен сүйіспеншілікті сақтау қаншалықты маңызды екнін айту.
Отбасы күнін мерекелеу аясында Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері мәдениет қызметкерлері үшін «Семья и семейные ценности» бейнеролигінің көрсетілімін дайындады.
Бейнеде отбасы бұл әрқайсымыз үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе екені туралы айтылды. Бұл жақын жандар, біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық жасайтын адамдар. Біз отбасында сүйіспеншілікті, жауапкершілікті және сыйластықты үйренеміз. |