Станционный ауылдық кітапханасында қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына арналған тарих сағаты өткізілді. Поэзия сүйер қауым Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығымен танысты.
Іс-шараның мақсаты – оқырманды қызықтыру және оның шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісу. Шәкәрімнің өлеңдері адамдарға парасатты болуға, адамгершілікті жандандыруға, жасампаз болуға шақырады.
Іс-шараға қатысушылар Шәкәрім Құдайбердиевтің даналықтың інжу-маржаны болып табылатын "Әр жылдардағы ойлар" афоризмдерін дауыстап оқыды. Шәкәрім халыққа орасан зор әдеби мұра қалдырды. Ол – қазақ халқының мақтанышы. |