Главная » 2017 » Ноябрь » 17 » «Шетендік бал»
15:03
«Шетендік бал»

Бұлыңғыр  және күзгі көңілсіз күнге қарамастан Орталық аудандық кітапханасының оқу залында бұл күнде жылы және жайлы болды. Жақсы адамдардың көтеріңкі көңіл күйлері, ақ пейілділік ахуалы барлық қатысушыларға әсер етті. «Шетендік балға» оқырмандарды шақырып іс-шара ұйымдастыру кітапхана қызметкерлеріне дәстүрге айналды. Бұл іс-шараға «алтын қолдарымен» шығармашылық адамдар шақырылды. Олар үшін хобби көңілге жақсы іс қана болмай, өмір маңыздылығына айналды. Қазіргі әйел – бұл өзінің бүкіл отбасының қозғалтқыш және бағыт беру күші. Бірақ бұл күші бітіп қалатын күндері де жиі болады... Бұл күшті жаңадан қалпына келтіретін қайнар көзді қайдан алуға болады? Бірақ осындай уақытта бізге көмекке біздің сүйікті істеріміз келеді. Осындай істер әйелдерге энергия мен сергектік қуатын, сонымен қатар шабыт пен көркем қиял береді.

Өткен жылғы «Шетендік балға» қатысқан бәрімізге жақсы таныс Оксана Безрукова – шығармашылық адам, бірақ майда моншақпен кесте тігу оның шығармашылығында ерекше орын алады. 33 жылдық жұмыс өтілі бар педагог Фоменко Инна Васильевна балалық шақ жасынан флористикамен айналысады. Оның тамаша картиналары - «Орхидеи», «Пионы», «Анютины глазки»,  «Маки» біздің балдың тамаша өнерлеріне айналды. Тимченко Лидия Семёновна  (тоқу) , Шевченко Регина  –  «Хохлома»  стилінде ағашта жазумен айналысады, олардың өз қолымен жасаған қайталанбас туындылары барлық қатысушыларға көңілді әсер етті. Арестанова Жулдыз - «Ангелочек»  декор агенттігінің өкілі болып табылады, кез келген салтанатты кешті әсем және қөз тартарлық түрінде безендіруге болады деп өз тәжірибесімен бөлісті.

Біздің балға әйелдердің мықты тірегі болып табылатын ер кісілердің бірі, біз жақсы білетін музыкант  Геннадий Александрович Чепрасов қатысты. Ол бізге ағаштан жасалған ағаш қасықтарын ұсынды. Ал Залогин Николай Данилович  шақалар коллекциясын көрсетті.

Халық шығармашылығының дәстүрлерін сақтау, ұрпақтар сабақтастығы үшін бұл эстафета Белоглин және Научный мектептерінің оқушылары  София Сосновскаяға, Екатерина Заяцқа және Жанеля Турикановаға тапсырылды.Олар барлығымызды өздерінің сондай тамаша қолдан жасалған бұйымдармен қуантты.

Кітапхана директоры А.А. Сатпаеваның және арнайы орта қызметтер орталығының ардагерлері орындауындағы музыкалық нөмірлер мереке сәніне айналды. Ал бал қонақтарына Т.А. Хилаймен асқабақтан дайындалған түрлі дәмді тағамдар өте ұнады. Іс-шара барысында біздің жергілікті ақындардың өлеңдері оқылды.

«Шетендік балдың» ұйымдастырушыларына көрген мен естігеннен таңғалып іс-шара соңында қонақтармен айтылған алғыс сөздері қызметкерлерге шабыт көзі болып, өзіне деген сенушілік беріп, өз өмірін өзгертуге көмектеседі. Осындай туындыларды жасауға әуес адамның өмірі бай, қызықты толы болады.

 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 383 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2804]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0