Тамырсыз ағаш – жансыз бөрене. Қазақтар ата-бабаларын білмейтін адамдар туралы солай айтқан. Әр көшпенді 7-ші атаға дейінгі аталары мен арғы ата-бабаларының есімдерін білуге міндетті болды. Мұндай генеология шежіре деп аталады. Қазақ халқы ежелгі дәстүрді бүгінгі күнге дейін сақтап келеді.
Қарабалық аудандық орталық кітапханасында Наурыз мейрамы қарсаңында «Шежіре – ұлттық тарихтың бір тармағы» байқауы өтті, оған Станционный ЖББМ оқушылары Балгужин Азат және Жақаева Томирис пен М. Горький ат. ЖББМ оқушылары Альмухамбетова Ажар және Ибраева Анель қатысты. Іс-шара барысында байқауға қатысушылар өздері туралы әңгімелеп, өз таланттарын көрсетті, сұрақтарға жауап берді, өздерінің танымал ата-бабалары мен шежірелерін таныстырды. Байқауға қатысушылар жауапкершілікпен дайындалып келгендері байқалды.
Үш адамнан тұратын қазылар алқасы осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ қатысушыларға олардың бастамаларына сәттілік тіледі.
Қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, іс-шараға «Шежіре – ұлттық тарихтың бір тармағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда қазақ шежірелері туралы кітаптар ұсынылды. |