Маусым айының шуақты күні балалар кітапханасының кітапханашылары жас оқырмандарға арналған қызықты «Шынығу, спорт, қозғалыс – барлық мақсаттарға жету!» бағдарлама дайындады. Балалар көңілді старттарға үлкен құмарлықпен қатысты. Ұлдар мен қыздар , ептілік пен жылдамдыққа сайысып қана қоймай, спорт туралы жұмбақтар шешті, викторина сұрақтарына жауап берді. Кітапхана ауласы балалардың күлкісі мен көңілді музыкаға толы болды. Мереке соңында жас оқырмандар грамоталармен және шағын кәдесыйлармен марапатталды. |