2024 жылы Қазақстан мемлекеттік рәміздерді қабылдаудың 32 жылдығын атап өтуде. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің өзіндік ерекшелігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі.
Тоғызақ ауылдық кітапханасында "Бірлік пен бейбітшілік рәміздері" ойыны өтті, кітапхана оқырмандары үшін «Символы единства и мира» интерактивті ойыны өткізілді. Балаларға еліміздің рәміздері: Елтаңба, Ту және Әнұран тарихының беттері бойынша жарқын виртуалды саяхатқа шығу ұсынылды. Балалар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, өз елінің мәдениеті мен тарихы туралы викториналық сұрақтарға қуана жауап берді. Патриотизм және өз Отанына деген сүйіспеншілік туралы әңгімелесті.
Іс-шара барысында олар өз командалары үшін «Елтаңбаны» жасаудың шығармашылық үдерісіне қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Ойын соңында олар өз Отанына деген патриотизм мен сүйіспеншілікті өз әрекеттерімен көрсету керек деген қорытындыға келді. |