
2025 жылдың 5-наурызы Халықаралық дауыстап оқу күні болып жарияланған. Осы орайда «10-шы аймақ ОҚИДЫ» Соғыс туралы кітаптарды оқимыз тақырыбында Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екіншідүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлының «Соғыс қателіктерді кешірмейді» тақырыбында оқушылармен әдеби-тақырыптық кездесу болып өтті. Бауыржан атамыздың «Ерлігіміз-ұрпаққа өнеге» шығармасынан дауыстап үзінді оқылып, «Гексагон тақтайшасы» әдісі арқылы шығармадағы тірек сөздерді жазу арқылы шығарманың мәнін ұғынды.
Сонымен қатар Бауыржан атамыздың «Бауыржан батыр», «Соғыс қателіктерді кешірмейді», «Ұшқан ұя», «Курляндия майданы», «Москва үшін шайқас» атты бірнеше кітаптарымен танысты. Келіні Зейнеп Ахметованың да атасы туралы естеліктері әңгімеленді. #ДетскаяБиблиотекаКарабалык |