Тоғызақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Соғыстан келген хат-хабар» өткізілген акцияны Жеңіс күніне арнап өткізді. Акция ұраны – «Мен есімде сақтаймын, мен мақтан етемін». Акцияның басты мақсаты: Отанға деген оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, тарихи тұлғалардың ерлігін насихаттау. Кітапханашы Татьяна Искаковна Престель кітапхана белсенділерімен «Соғыстан келген хат» далалық поштаның 50 хатын жасап, осы акция аясында қатысушыларға таратты. |