
Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні Надеждинка ауылдық кітапханасында шекара заставасында әскери борышын өтеп жүрген әскери қызметші Сергей Обласовпен кездесу өтті.
Сергей балаларға өзінің қызметі, ел қауіпсіздігі үшін шекара әскерлерінің маңыздылығы туралы айтып, әскер өміріндегі оқиғаларымен бөлісті. Отансүйгіштікке, тәртіпке, Отан тарихына құрметпен қараудың маңыздылығына тоқталды. Балалар әңгімені қызығушылықпен тыңдап, әскери қызмет туралы сұрақтар қойды.
Кездесу соңында қатысушылар Сергейге қызықты әңгімесі үшін алғыстарын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі. Іс-шара балаларға ерекше әсер қалдырып, олардың Отан қорғаушы мамандығына деген құрметін арта түсті. |