Святославка ауылдық кітапханасында Қапан Оралұлы Бадыровтың 120 жылдығына орай 7-9 сынып оқушыларымен «Старейшина казахской сцены» атты ақпараттық сабақ өткізілді.
Кітапханашы жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Қапан Оралұлы Бадыров отандық және шетелдік драматургтердің пьесалары бойынша спектакльдерде екі жүзге жуық рөлді сомдады. 1942 жылы актер Қазақ КСР Халық әртісі құрметті атағына ие болды. Ол өзінің балалық шағы, әйелі Анна Герасимовна, балалары – Олег, Алина және Владлен туралы үш өмірбаяндық кітап жазды. Соңғы рет Қапан Бадыров экранға 1979 жылы шықты, Леонид Аграновичтің Медеудегі бөгет салушылар туралы «Щит города» драмасында эпизодтық рөлге түсті. Сабақ барысында балалар оның немересі Павел Олегович Бадыровтың да киноға түскенін, оның қоржынында 50-ге жуық рөл бар екенін білді.
Іс-шара соңында кітапханашы «Қапан Бадыровтың өмірі мен тағдыры» тақырыптық сөресіне шолу жасады. |