9 тамызда кітапханашы Г. А. Қалабаева шекара заставасының жеке құрамымен «Стоп! Коррупция» тақырыбында әңгімелесу өткізді.
Кітапханашы іс-шараны сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихынан, сондай-ақ оның барлық ғасырларда болғандығынан бастады. Іс-шара барысында кітапханашы Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне басты назар аударды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан ТМД елдерінің ішінен бірінші болып «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заң қабылдады, ал қылмыстық және әкімшілік кодекстерде жеке тарауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы баптар бөлінді.
Әңгіме соңында осы мәселемен күресте алдын алу шаралары талқыланды. |