
Тоғызақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Т.И. Престель кітапхана сабағын өткізді, мектепке дейінгі сынып және шағын орталық балалары кітапхананы аралап шықты. Арасында кітапханаға алғаш рет келгендер, тұрақты оқырмандар болды. Олар кітапханашының балалар бөлімінің құрылымы туралы әңгімесін тыңдады. Балаларға кітаптардың жас ерекшеліктеріне сай бөлінетіні туралы айтылды: 0 + - бүлдіршіндер үшін, 6 + - оқушылар үшін, 12 + - жасөспірімдер үшін. Балалар салалық әдебиет туралы да білді. Жас оқырмандар танымдық әдебиеттен көркемдік әдебиетке көшті және жанрлардың әртүрлілігіне таң қалды: шытырман оқиғалар, фантастика, детективтер, комикстер, ертегілер, қазақ және шетелдік авторлардың поэтикалық туындылары.
Кішкентай қонақтар кітапханадағы тәртіп ережелерін қайталап, еске түсірді. Сабақ тек танымдық қана емес, қызықты болды деп айтуға болады. |