Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері «Парасат жолы» жобасы аясында "Ғашура ана" мешітінің бас имамы Рахым Серік Темірбековпен сұхбат – диалог өткізді. Әңгіме барысында Серік Темірбеков дін пара беруге және алуға қатаң тыйым салатынын, сонымен қатар әлемдік діндер сыбайлас жемқорлықты оның барлық көріністерінде бірауыздан айыптайтынын айтты. Әрине, парасаттылық идеологиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Жалпы, диалог нәтижелі болды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша пікір алмасты. |