"Парасат жолы" жобасы аясында Бөрлі ауылдық кітапханасының кітапханашысы "Сыбайлас жемқорлық – қорқынышты табиғи апат" тақырыбында балалармен әңгіме өткізді. Ол сыбайлас жемқорлық деген не, қандай әрекеттер "сыбайлас жемқорлық" мағынасына жататынын тұжырымдады. Мысалдармен балаларға күнделікті өмірде әрқайсымыз сыбайлас жемқорлыққа қалай тап болатынымыз, қалай әрекет ету керектігі және осыған тап болған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы айтып берді. Әңгіме барысында кітапханашы балалардың өмірдегі сыбайлас жемқорлықтың мысалдары, оның ұрлық пен алаяқтықтан айырмашылығы туралы сұрақтарына жауап берді. Қорытындылай келе, барлығы бірге бұл құбылыспен пара бермеу, құқық қорғау органдарына көмек сұрау арқылы күресу керек деп шешті.
|