4 қараша күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасының оқу залында мәдениет қызметкерлері Қарабалық ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы А. С. Ещановпен кездесті.
Арман Серікұлы сыбайлас жемқорлықтың қандай түрлері бар екенін, сыбайлас жемқорлық деген сөздер нені білдіретінін және сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билікке қарсы қылмыстар санатына неге жататынын, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керектігін, мемлекетке сыбайлас жемқорлықпен күресуге қандай шаралар көмектесетінін айтты. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлықтың елге және әр адамға жеке-жеке қандай зиян келтіретіні туралы айтты.
– Әрбір азаматтың құқықтары ескерілетін және бұзылмайтын мемлекетте өмір сүру үшін құқық қорғау органдарымен қатар осы қауіпті ағымға барынша кедергі жасау қажеттігін түсіну қажет, – деп атап өтті А.С. Ещанов. |