Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік – саяси деңгейге қойылды және оны Мемлекет басшысы бақылайды. Святослав ауылдық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық және өмір деңгейі» атты дөңгелек үстел өтті. Қатысушылармен бірге сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері және оған қарсы күрес негізгі басымдықтардың бірі болып табылатыны туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлықтың қандай түрлері бар екенін еске түсірдік, оған қарсы саясатты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен ҚР Президенті жанындағы комиссия жүзеге асыратынын білдік. Қоғамның қай сатысында болмасақ та, сыбайлас жемқорлық құбылысын жеңе аламыз ба, елдің де, әрбір адамның да дамуында алға қадам жасай аламыз ба, ол еліміздің азаматы ретінде әрқайсымызға байланысты. |