Қазақ ақыны Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына орай Победа ауылдық кітапханасының кітапханашысы "Сырбай Мәуленов – қазақ ақыны және жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері" атты әңгіме өткізді. Қазіргі әдебиеттің осы үлкен шеберінің шығармашылық жолы 30-шы жылдардың 2-жартысында басталды. Дәл сол кезде оқырмандар Сырбай Мәуленовтің алғашқы ақындық туындыларымен танысты.
Сырбай Мәуленов –өзінің қолтаңбасы мен дауысы бар ақын. С.Мәуленов адам жанының ойлары мен өткінші көңіл-күйлерін өзіне тән ерекше үлгіде жеткізеді. Оқырман ақынның суреттерін анық көріп қана қоймай, оларды терең сезінеді. Оның бай бейнелеу мүмкіндіктері сияқты поэтикалық тілі де ерекше. |