Научный кітапханасында Наурыз мерекесіне арналған « Жоралғы күні = День почтения» кітап инсталляциясы рәсімделді. Онда қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы кітаптар ұсынылды. Кітапханаға «Тұсау кесер» дәстүрін өткізу үшін Алиевтер отбасы шақырылды. Руслан өзінің алғашқы қадамдарын енді ғана бастап, «Тұсау кесер» атты қазақ салт - дәстүрінің басты кейіпкеріне айналды.Бұл баланың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын, баланың өмір жолында сенімді жүруі үшін өткізіледі. Кішкентай бүлдіршін үшін Мекжамал Галеева «Ақ бата» берді.