Главная » 2024 » Март » 19 » «Тұсау кесу»
10:41
«Тұсау кесу»

16 наурызбұл күн мәдениет пен ұлттық дәстүрлерге арналды. Кітапханашы Р.Ж.Думалакова АМҮ қызметкерлерімен бірлесіп кіші жас  балаларына арналған «Тұсау кесу» рәсімін өткізді. Балаларды әдет-ғұрыппен таныстыру және қазақ ұлттық мәдениетін бір бөлігін дәріптеу арқылы адамгершілік тәрбиені дамыту мақсатында өткізілді.

Қазақтардың ең маңызды салт-жораларының бірі -Тұсау кесу. Бұл дәстүр бала тәй-тәй басып, қадам басқан кезде, баланың өмірдегі жолы жеңіл және жарқын болуы үшін ырымдап жасалған. Дәстүр бойынша, тұсау кесу үшін ақ жолды бейнелейтін ақ мата және түрлі-түсті жіптер алынады. Тұсау кесу рәсімі кезінде баланың аяғы осы жіптің көмегімен сегіз саны сияқты –шексіздік символымен байланады. Тәрбиелік мәні бар сөздермен, үлкен кісілер тұсауын кеседі. Жіптерді кескеннен кейін баланы екі қолынан ұстап бірнеше заттар қойылған ақ жолдың соңына дейін жетелеп апарады. Қазақ халқы ежелден баланы қандай зат таңдайды, оның тағдыры да сондай болады деп сенген.

Рәсімнің соңында барлық қатысушылар мен балалар достық дастарханының басына жиналды. Олар шай ішіп, бір-біріне тек жақсылық тіледі.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 40 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2804]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0