14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Қарабалық орталық аудандық кітапханасының қызметкерлері «Тәуелсіз ел – тірегім!» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның дамуының негізгі кезеңдерін, біртұтас және егеменді республика болу жолын талқылау.
Дөңгелек үстелге: Қарабалық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Айслу Рамазанқызы Аубакирова, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің доценті Жангелді Арсенұлы Шәукенов, Қарабалық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кабулова Сәния Сұлтанбекқызы, шешен халқының өкілі Солцбек Бибиевич Сулейманов. Сондай-ақ Қарабалық ауылындағы бастауыш мектептердің мұғалімдері мен Қазақстан агротехникалық колледжінің студенттері шақырылды.
Дөңгелек үстел қызықты пікірталаспен өтті. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысымызды айтамыз. |