Оқушылардың Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, Қазақстанның өткені мен бүгіні туралы түсініктерін қалыптастыру, ел тарихына қызығушылығын дамыту мақсатында кітапханашы Л.В.Мартынова 8 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік кезеңдері» тарих сағатын өткізді.
Кітапханашы Тәуелсіз Қазақстанда кезең-кезеңімен экономикалық және саяси реформалар жүргізіліп, Республиканың халықаралық аренадағы беделін айтарлықтай арттырғаны туралы хабарлама дайындады. Қазақстан халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады, батыс және шығыс мемлекеттерінің сенімді серіктесі ретінде белгілі.
Сондай-ақ, «Тәуелсіздік белестері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік даму жолын қадағалайтын басылымдар ұсынылған.
Қазақстанның Тәуелсіздік күні –Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі, ол біздің мемлекетіміздің бостандығы мен құдыреттілігінің нышаны болып саналады. |