Аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері кезекті рет дәстүрлі күзгі "Шетендік балға" шығармашылық адамдарын жинады. Бұл жолы таланттардың әртүрлілігімен таныстыруға Қарабалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашыларына мүмкіндік болды. Іс-шараға олар тек өз жұмыстарын ғана емес, оқырмандардың жұмысын да әкелді. Күнделікті жүктелген тірліктеріне және үй шаруасына қарамастан өз хоббиі үшін уақыт тауып жүрген шеберлер көрмесі өзінің әртүрлілігімен таң қалдырды! Бисермен тоқу, модульдік оригами, батик, кесте тігу және тоқу, шыбық өру және газеттен өру және тағы басқалар! Әр жұмыс шеберлігімен және кереметтіліген таңқалдырды.
Приречен ауылдық кітапханасының кітапханашысы Людмила Мельникова сабаннан сурет салу бойынша шеберлік-сағатын көрсетті. Бұл жарқын, қайталанбас, жылуымен жылытатын әдемі суреттер ешкімді бей-жай қалдыра алмады. Өйткені, оларды көрген әрбір адам міндетті түрде сұлулығы бойынша Алтын сабаннан жасалған өрнектерді жібек жіптермен кестелеумен салыстыруға болады, сондықтан олар жарқырап, құбылып тұрады! Сонымен қатар, сабанның құрылымы үлгі бөлшектеріне рельефтік береді, мұндай сурет тірі және тыныс аларлықтай көрінеді.
ОКЖ бухгалтері Ольга Маслова әйелдер киімін тоқу құпиясымен бөлісті, ал Смирнов ауылдық кітапханасының кітапханашысы Елена Колесник қатысушыларды тамаша жұмыстар – маймен жазылған суреттермен таныстырды. Авторы - ауылдасы Колесник Валерий Григорьевич. Әрбір жұмыс-нағыз эксклюзивті!
Көрмеге қойылған барлық жұмыстар туралы айту мүмкін емес. Бірақ олардың барлығы көзді қуантады және көңіл-күйді көтереді деп батыл айтуға болады. Сондай-ақ, Людмила Мельник пен Елена Колесник орындауындағы вокалдық нөмірлер кездесудің сәнін келтірді. Міне, шын мәнінде "Саусағынан бал тамған " - біздің кітапханашылар туралы! Біз көрмеге қатысқан және барлық қатысушыларымызға қуанышты көңіл-күй сыйлаған барлық қызметкерлерімізге алғысымызды білдіреміз |