
Жаз айының тамаша күндерінде аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы балалармен түрлі жанрдағы кітаптарды оқу мақсатында мектеп жанындағы сауықтыру лагеріндегі балалармен мәдени-сауықтыру паркінде болдық. Балаларға қызықты, әсерлі, пайдалы іс-шара болып өтті. Түрлі тақырыптағы ертегілер, балаларға арналған кітаптар жазғы демалыс уақытында балалар үшін тәрбие көзі болмақ.
Оқы, ойлан, әсерлен - табиғат аясында! Кітап пен табиғат- адамның екі жақын досы. Екеуін бірге ұштастырғанда - пайдасы да, әсері де арта түседі! |