
31 мамыр Қазақстанда қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып аталып өтіледі. Осы тарихи күн аясында 9-сынып оқушыларына «Зұлмат жылдар ұмытылмайды» атты тақырыпта танымдық еске алу сағаты болып өтті.
Ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарында Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазықсыз сотталды, 25 мың адам өлім жазасына кесілді. Қуғын-сүргін жылдары Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен 5 миллионнан астам адам Қазақстанға жер аударылды. Аман қалғандар қазақ жерінен пана тауып, қазақ жері олар үшін жаңа Отан атанды. Осы жазықсыз сотталып, ату жазасына кесілгендер қатарында қазақтың зиялы қауым өкілдері болған.
Зұлмат жылдары халқымыздың бастан кешкен азалы кезең бүгінгі ұрпақтардың мәңгі есінде. #ДетскаяБиблиотекаКарабалык |