Главная » 2024 » Июнь » 5 » Танымдық сағаты «Қасиет тұнған қастерлі құндылықтар».
16:06
Танымдық сағаты «Қасиет тұнған қастерлі құндылықтар».

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Осы айтулы күн қарсаңында мектеп оқушыларымен «Қасиет тұнған қастерлі құндылықтар»  тақырыбында танымдық сағат болып өтті. Іс-шараға М.Сералин атындағы мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Әнұраннан бастау алған мерекелік іс-шара рәміздер авторлары жайында жалғасты.  Мемлекеттік Тудың түсі, ондағы айрықша белгілер, сонымен қатар күн мен оның 32 бірлікті шырағы, қыран құс бейнесі мен ою мағыналарын нақтылап, еске салдық. Елтаңбадағы шаңырақ, алтын парық, жұлдыз, киіз үй детальдарының мән-мағынасы түсірдірілді. Дерлік барлық мемлекеттік ұйымдарда рәміздеріміз бірден көзге түсетіне де айтылды. Әнұран 1992 жылы байқау арқылы таңдалынып алынып, 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн ретінде өзгертіліп, «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдалынып алынды.

     8-сынып оқушыларына «Тәуелсіздігіміздің рәміздері» тақырыбында презентация ұсынылып, толықтай мәліметтер берілді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 48 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2804]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0