
9 қазанда Приречное ауылында «Таза Қазақстан» жобасы аясында қоғамдық сенбілік өтті. Округ тұрғындары мен ұйым қызметкерлері үй маңындағы аумақтарды тазартты. Кітапханашылар мен ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері клуб ғимаратының алдындағы алғашқы тың игерушілерге арналған ескерткішті абаттандырды. Ескерткіштің айналасындағы құрғақ шөптер жиналып, жарықтар сыланып, әктелді. |