
Қарабалық ауданының аймақтық маңызы бар қасиетті нысаны болып табылатын М.Сералиннің зиратында жыл сайын аумақты абаттандыру бойынша сенбіліктер өткізіледі.
Приречный ауылының кітапханашысы мен әкімдік қызметкерлері журналистің зиратын тазарту бойынша «Таза Қазақстан» акциясын өткізді. Ескерткіш ақталып, қабірді қоршайтын тақтайшалар жуылып, ескерткішке келетін туристер үшін орындықтар тазартылып, сырланды. Қабірдің айналасындағы шөп шабылып, жүргіншілер жүретін жол жуылды.
Өткізілген акция қасиетті маңызы бар нысандарды сақтау мен абаттандырудың маңыздылығын көрсетті. Іс-шара ескерткіштің сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, Қазақстан мәдениетінің дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаға деген құрметті де көрсетті. |