Ақпараттандыру онкүндігі аясында Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері АМҮ фойесінде «Тең мүмкіндіктер әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Көрмеде психологиялық тосқауылды еңсеруге, айықпас аурумен ауыратын адамдарға қоғамда қалай тиімді өмір сүруді үйренуге бағытталған психология басылымдары ұсынылған. Мүмкіндігі шектеулі әр жанға кітапханашылар өз қолдарымен жасаған гүл мен шоколадты мейірімділік пен сүйіспеншілікпен табыстады. Балалардың қуанғанын көру көңіл тебірентті. Мұндай жандарға назарымыз бен көңілімізден артық ешнәрсе қажет емес.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, әсіресе балаларға — жан жылуын беру біздің қолымызда. |