Қазақстан халқы тілдері күніне орай Боскөл ауылдық кітапханасында "Тіл – достық көпірі" ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты: қарым–қатынас құралы ретінде тіл туралы білімдерін кеңейту, тілдерді үйренуге деген қызығушылықты арттыру. Ойынға 4 сынып оқушылары қатысты. Түрлі конкурстар болды ("Бәйге"," Сөзді тап","Мақал-мәтелдер әлемінде"). Сөздерді қазақ, ағылшын тілдеріне аудару керек болды.
Балалар ұлттық киімдерін киіп, орыс, неміс, украин, қазақ тілдерінде сәлемдесті. Шағын өлеңдер оқыды. |