21 ақпан –Халықаралық ана тілі күні. Жыл сайын осы күнді мерекелеу аясында әлемнің көптеген елдерінде белгілі бір тақырыпқа арналған және құрметтеуге, сондай-ақ барлық тілдерді көтермелеуге және қорғауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Халықаралық ана тілі күні аясында Қарабалық аудандық балалар кітапханасында 18 ақпан күні 4"Б" сынып оқушылары үшін «Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ мамандарымен бірлесіп "Тіл – достық пен келісімнің негізі" атты іс-шара өткізілді. Бұл күні балалар көптеген қызықты мағлұматтар алды, зияткерлік ойынға қатысты. Барлық қатысушылар "өте жақсы" орындап шықты. Нәтижесінде –әр команда жүлде алды. Осы күні кітапханаға келген балалар Халықаралық ана тілі күніне арналған "Уақыт куәгері - тіл" көрмесімен танысты. |