
Святослав ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Көңілді планета» мектеп жанындағы лагерінің балаларына арналған «Три символа на фоне истории» танымдық іс-шарасы өтті. Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік рәміздерімен танысу, сондай-ақ өскелең ұрпақты отансүйгіштікке және туған елін құрметтеуге тәрбиелеу.
Кітапханашы балаларға рәміздердің тарихы, олардың ұлттық бірлікті нығайтудағы маңызы мен рөлі туралы айтып берді. Балалар мемлекеттік ту мен Елтаңбаның авторлары кім болғанын, олардағы әрбір деталь нені білдіретінін және Әнұран әрбір қазақстандықтың мақтаныш сезімін тудыратынын білді.
Балалар әңгімеге белсенді қатысып, викторина сұрақтарына жауап берді.
Мұндай кездесулер балаларға танымдарын кеңейтіп қана қоймай, өз еліне тиесілі болу сезімін, оның тарихы мен мәдени құндылықтарын құрметтеуге көмектеседі. |