Тоғызақ ауылдық кітапханасында тың игерудің 70 жылдығына арналған «Туған өлкенің Тың еңбек ерлері» атты дөңгелек үстел өтті.
Тың эпопеясы 1954 жылы басталып, Отанымыздың тарихындағы ерлік парақшасына айналды. Жүздеген жастар – барлық ұлттар өкілдері шалғай аймақтарға аттанды. Тың игерушілердің жұмыстары туралы бүкіл халық білді, олар туралы радиодан айтты, газеттерде жазды, өлең шығарды.
Көрермендер сол жылдардағы оқиғалар мен бұрын-соңды болмаған жетістіктер туралы, тың игерудің композиторлар, жазушылар, суретшілер өз шығармаларында қалай көрініс тапқаны туралы айтты. Іс-шара барысында фотосуреттері бар альбомды көріп, тың жерлерді алғаш игерушілердің еңбек күндері еске алынды.
Соңында кітапханашы Престель Татьяна Искаковна «Тың біздің тарихымыз» көрмесінен әдебиеттерге шолу жасады. Қонақтар «Здравствуй, земля целинная!», «Едут новоселы по земле целинной» және т.б. осы тақырыптағы әндерді шырқады. |