2016 жылғы 22 ақпанда Смирнов ауылдық кітапханасында Халықаралық туған тілдің күніне арналған «Туған тілдің білгірлері» іс-шара өткізілді. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы, ұлттардың бірігуіне ықпал етеді. Іс-шара аясында балалар мен үлкендерге мерекенің тарихы туралы презентация ұсынылды, «Қазақ халқының жұмбақтары» викторинаға қатысты, «Мақалды толықтыр» сайыстың сұрақтарына жауап берді. Өткізілген іс-шараның мақсаты – туған тілді білуге қызығушылықты арттыру, халықтың мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру. |