2017 жылғы 23 ақпанда Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кириленко В.Н. 5 сынып оқушылары үшін Халықаралық туған тілдің күніне арналған «Ана тілі» атты интеллектуалдық викторина ұйымдастырып өткізді. Викторина екі турдан тұрды. Біріншіде балалар интеллектуалдық сұрақтарға жауап берді, оның қорытындысы бойынша 5 адам іріктелді және келесі турда викторинаның сұрақтарына жауап берді. Нәтижесінде Мельник Снежана жүлдегер атанып, грамота мен тәтті сыйлыққа ие болды. Викторинаның басқа да қатысушылары назардан тыс қалмай, сыйлықтар алды. Іс-шара барысында оқушылар орыс тілі пәнінен жақсы білімдерін көрсетіп, барлық тапсырмаларды тез орындады. Іс-шара қызықты және танымды болды. Іс-шара соңында туған тіл туралы өлеңдер оқылды.
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім, Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. |