Главная » 2017 » Февраль » 23 » «Туған тілдің сөйлеу мәдениеті»
15:33
«Туған тілдің сөйлеу мәдениеті»

Халықаралық туған тілдің күніне арналған Надеждин ауылдық кітапханасында «Туған тілдің сөйлеу мәдениеті» атты іс-шара ауызша журнал түрінде жасалды. Іс-шараны Надеждин ауылдық кітапханасының кітапханашысы Батуева С.В.  ұйымдастырып өткізді. Дұрыс сөйлей білуде өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтанда тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы. «Тіл», «сөйлеу», «сөйлеу мәдениеті» ұғымдар туралы кітапханашы әңгіме жүргізді. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.
Тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.
Халқымыз үшін басты мәселе ұлты, ұлтының тілі, мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, бір сөзбен айтқанда ұлттық құндылықтары. Тіл – біздің ең қымбат қазынамыз.Іс-шара соңында балалар викторинаның сұрақтарына жауап берді.

Ана тілім – бәрін айтар шежірем.

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

О, Адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер! – деп ақын жырлағандай, ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпақты біріктіретін ең сенімді құрал.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 393 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2811]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0