Қарабалық ауданының мерейтойын тойлау аясында Приреченка ауылында ауылының құрметті тұрғыны Шлей Роман Ивановичтің 95 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Қарабалық ауданында осы күнге дейін өмір сүрген екі мерейтой иегері бар. Соның бірі Приреченка ауылының жасы ең үлкен тұрғыны.
Мектеп, ауылдық кітапхана,әкімдік ұжымдарының, Өрнек округінің ардагерлер кеңесінің бірлескен тобымен Роман Ивановичтің құрметіне мерекелік той өткізілді. Мерейтой иесін Қарабалық ауданының әкімі Руслан Болатұлы Халықов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кабулова Сәния Сұлтанбекқызы құттықтады. Көркемөнерпаздар шығармашылығына қатысушылар концерттік нөмірлер дайындады, кітапханашы Роман Ивановичтің өмірі туралы материал мен фото таңдады, мектеп қызметкерлері залды рәсімдеп, презентация дайындады.Туған күн иесінің өзі Роман Иванович баянда ойнап, ән айтты. Іс-шара соңында мерейтой иесіне сыйлық берілді, туған күнге арналған тортпен шай ішілді. Роман Ивановичке шын жүректен зор денсаулық, күш-жігер тілеп құттықтады! |