Жыл сайын 5 қазанда Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі атап өтіледі. Бұл мереке – біздің барлық мұғалімдерімізге үлкен ризашылық білдіруге, өз үлгісімен бізді мейірімді, әділ және адамгершілікке үйреткен алғашқы тәлімгерлерді еске түсіруге тамаша себеп.
Осы тамаша күні кітапханашы Михайловка ЖББМ оқушыларымен бірге концерт түрінде құттықтау дайындады. Өлең оқып, әндер айтып, көріністер қойып, билер биледі. Сондай-ақ, сахналық қойылымға қатысып, өз кәсібиліктерін, мұғалімнің тапқырлығын көрсетті.
Осы даңқты мамандықтың барлық өкілдеріне денсаулық, бақыт, сарқылмас қуат және шығармашылық өсу тілейміз! |