Главная » 2024 » Август » 1 » «В мире загадок»
18:29
«В мире загадок»

26 шілде ең ерекше мерекелердің бірі–жұмбақтар күні. Жұмбақ –бұл логиканы, қиялды, зейінді дамытатын қызықты басқатырғыш. Біз бұл жанрды бала кезімізден жақсы көретініміз бекер емес.

Бұл күні балалар кітапханасының қызметкерлері өз оқырмандары үшін «Жұмбақтар әлемінде» ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Іс-шараға қатысушылар жұмбақ деген не екенін, олар қай кезде пайда болғанын, не үшін қажет екенін, қандай түрлері бар екенін білді, сонымен қатар, жұмбақтар мен басқатырғыштар әлеміне таңғажайып саяхат жасады. Ойын бағдарламасы жас оқырмандарды жалықтырмады!

Балалар кітаптардан жұмбақтар жасырып, шешті, «Сказочные загадки» интерактивті викторинасына белсенді қатысты. Теледидардың үлкен экранындағы жұмбақтарды шешу үлкен қызығушылық тудырды. Сондай-ақ, кроссвордтар шешуде ұлдармен қыздар өздерінің білімдерімен мақтана алды. «Загадочная лотерея» балаларға ерекше қуаныш сыйлады.

Мұндай кездесулер балаларға бос уақыттарын кітапханада көңілді, танымдық, пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.

       Іс-шараға ересектерге де, сәбилерге де арналған жұмбақтары бар көптеген кітаптар ұсынылған «Прочти, отгадай, другим загадай» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Просмотров: 22 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2804]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0