
Святослав ауылдық кітапханасының кітапханашысы Святослав негізгі мектебінің мектеп жанындағы лагерінің оқушылары үшін «В объективе – сакральные места» таным сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: балаларды Қазақстанның рухани-мәдени құндылықтарымен, Қостанай облысының киелі орындарымен таныстыру, отансүйгіштікке, кіші отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ықпал ету. Іс-шараның соңында Қазақстанның қасиетті орындары туралы бейнеролик көрсетіліп, «Моя малая Родина» көрмесіне шолу жасалды. |