2024 жылғы 29 мамырда «Наш отчий край КАРАБАЛЫК» өлкетану бойынша кітапхана бағдарламасы аясында М. Горький атындағы ООО 8-сынып оқушыларына «В памятнике - память» өлкетану экскурсиясын ұйымдастырып, өткізді. Іс - шара Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш – қайғы мен азаптың символына айналған жерде өтті.
Алдымен кітапханашы Ю. П. Притуленко қатысушыларды ескерткіштің құрылу тарихымен таныстырды: ол қашан орнатылды, кімге арналды, қабырғадағы «Алжир», «Карлаг», «Степной» жазулары нені білдіреді, қандай қаражатқа салынды, қай күн Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жарияланды және т. б. сондай-ақ, балалар қанша қарабалық тұрғыны сталиндік қуғын-сүргін жылдарында зардап шекті, П.М. Черныштың «Наш отчий край Карабалык» кітабымен танысты, онда олардың есімдері, тегі, қысқаша мәліметтері, қашан қамауға алынғаны және қандай бап бойынша сотталғаны жазылған. Біз Карлаг тұтқыны болған, тозақ азабын басынан өткерген, балаларыннан сегіз жыл бойы тірідей жырақта өткенген жерлесіміз Даукенова Ментай туралы оқиғаны мұқият тыңдады. Әңгіменің мазмұны жасөспірімдерге көптеген әсер қалдырды.
Соңында кітапханашы барлығын бей-жай қалдырмауға және сталиндік қуғын-сүргін жылдары қаза тапқан жерлестерін құрметпен еске алу үшін ескерткішке жиі келуге шақырды. |