Главная » 2025 » Март » 31 » «В поисках книжных сокровищ» квесті
18:30
«В поисках книжных сокровищ» квесті

Балалар кітабы апталығы аясында 27 наурыз күні Тоғызақ ауылдық және мектеп кітапханасының кітапханашылары балаларды «В поисках книжных сокровищ» интеллектуалдық библиографиялық квестіне қатысуға шақырды.

Квест  қатысушыларды жақындастырып қана қоймай, сонымен қатар балаларға көптеген жаңа және қызықты нәрселерді есте сақтауға мүмкіндік берді.

Ойын аясында қатысушылар логикалық есептерді шығарды, қажетті ақпаратты іздеді, ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуді, пайдалы ақпаратты тауып, оны қолдануды үйренді.

«Детектив шығанағы» аялдамасында балаларға библиографиялық сөзжұмбақ шешу керек болды; «Ертегілер лагунасы» аялдамасында қатысушылар орны ауысқан әріптердің арасынан жазушылар мен ақындардың есімдерін іздеді; «Поэзия жанартауында» жетіспейтін сөздерді толтырды.

Біз «Шытырман өзен» жағалауында теңіз түйіндерін арқанмен ғана байлап қоймай, өзара  «байлауға» тырысып, тамаша уақыт өткізді.

Іс-шара соңында дұрыс жауаптар саны бойынша «Капитан Гранттың балалары» үздік команда болды.

Балалар кітапханашыларға көңілді, қуанышты, танымдық кездесу үшін алғыстарын айтты.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 51 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3014]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0